TULPAR

Қысқаша сипаттама

TULPAR- бұл бүгінгі әрі болашақтағы оперативті талаптарға бейімделе алатын, жоғары жайратқыш, модульділік және өсу әлеуетіне ие көп мақсатты платформа.
Болашаққа бағытталған модульділік қасиет - бұл көлік құралдарының кең ауқымында жалпы компоненттер мен ортақ шассиді пайдалану арқылы оперативті икемділікті арттыру. TULPAR жалпы ішкі жүйелермен бірнеше нұсқада шығарылады. 

Мобильділік

TULPAR корпусының алдыңғы бөлігінде турбоүрлемді дизельді қозғалтқыш және автоматты трансмиссия арқылы 700-1100 ат күші.аралығындағы қуатты қамтамассыз ететін  күштік агрегат орналасқан.   . Сенімді және берік торсионды аспа жүйесі әр жағында қос астарлы жеті жол дөңгелегінен тұрады. TULPAR айрықша мобильділікке жету үшін жолдың шарттарына байланысты шынжыр табанында керілімді реттеу үшін автоматтандырылған  шынжыр керу жүйесіне ие. 

Мобильділік

От қуаты

TULPAR аса жоғары модульділігімен ерекшеленеді: сондықтан да TULPAR калибрі 7,62 мм-ден 120 мм-ге дейін басқарылатын немесе адамсыз қару-жарақ жүйелерімен, сондай-ақ әуе қорғаныс жүйелерімен және минометтермен жабдықталуы мүмкін.

Көпмақсатты платформа

Ортақ платформаға орташа танк; жаяу әскер жауынгерлік машинасы; бронетранспортер; барлау көлігі; командалық-басқару (АСУВ) машинасы; әуе қорғанысы; жедел жәрдем; жөндеу және эвакуациялау көлігі; миномет машинасы және де басқа көлік нұсқаларын орналастыруға болады. Ортақ платформа жобалау тәсілі маңызды логистикалық артықшылықтар береді, сонымен қатар оқыту ауырпалығын  да азайтады.

Көпмақсатты платформа

Барлық бронды техникалардың экспорты тиісті мемлекеттік органдардың экспорттық рұқсатымен жүзеге асырылады