COBRA

Қатал және қиын далалық жағдайлардабірінші кезектегі міндет, экипажды қорғау менең қатаң әскери талаптарды миссияға сай орындау болып табылады. Ерекше баллистикалық қорғаныс, мобилділігі, сондай-ақ модульдік құрылымы арқасында, әртүрлі тапсырмаларға бейімделген COBRA автокөлігі әрқашанда кез- келген миссияға дайын.

Қысқаша сипаттама

COBRA жоғары мобилділігімен, әрі көптеген тапсырмаларды орындауымен белгілі. Қуатты V8 турбодизельді мотор және қуат пен салмақтың жоғары коэффициенті COBRA-ға ең қиын жер бедерін еңсеруге мүмкіндік береді. Тәуелсіз аспа, дөңгелекті желмен қамтамасыз ету орталық жүйесі, сонымен қатар тұрақты толық жетек және автоматты трансмиссия жоғарғы маневрлік деңгейді қамтамасыз етеді. Ерекше баллистикалық қорғаныс, жоғары мобилділігі, сондай-ақ модульдік құрылымы арқасында, әртүрлі тапсырмаларға бейімделген COBRA автокөлігі әрқашанда кез- келген миссияға дайын.

Қысқаша сипаттама

Амфибия функциясы

Амфибия функциясы

COBRA-ның әр түрлі типтері амфибиялық функциямен жобалануы мүмкін. Джойстикті қос гидравликалық басқару моторлар көлікке су кедергілерінен асып өтуге мүмкіндік береді.

Модульділігі

Корпустың модульдік дизайны арқасында COBRA жалпы мақсаттағы, персоналды тасымалдау, жедел жәрдем / медициналық эвакуация, барлау / қадағалау, коммандалық-басқару (АСУВ), ішкі қауіпсіздік машинасы, қару-жарақ платформасы, РХБ барлау секілді әр түрлі әскери міндеттерге арналған көпмақсатты платформа болып табылады.  Дизайндағы әр түрлілігі, тапсырмаларға бейімділігі COBRA-ның маңызды дизайндық артықшылықтары арасында тұр. Ортақ платформа тұжырымдамасы оқыту, техникалық қызмет көрсету және логистикалық қолдауды жоспарлауға көмектеседі.

Барлық бронды машиналардың экспорты тиісті мемлекеттік органдардың экспорттық рұқсатымен жүзеге асырылады.